28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

ТМД-дағы орташа зейнетақы: Қазақстан төртінші орынға жайғасты

Қазақстандағы орташа зейнетақы 288,7 долларға немесе шамамен 143,2 мың теңгеге жетіп, еліміз ТМД арасында төртінші орынға тұрақтады.

ТМД-дағы орташа зейнетақы: Қазақстан төртінші орынға жайғасты
Фото: Stan.kz

Қазақстандағы орташа зейнетақы 288,7 долларға немесе шамамен 143,2 мың теңгеге жетіп, еліміз ТМД елдері арасында төртінші орын алды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының 2026 жылғы ақпандағы мәліметінше, рейтингте Беларусь көш бастап тұр. Онда орташа төлем 374,1 долларды (шамамен 185,5 мың теңге) құраған. Одан кейінгі орындарға Әзербайжан (340 доллар) мен Ресей (328,7 доллар) жайғасты. Ал Қазақстанның артында Өзбекстан, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан келеді.

Зерттеуге сүйенсек, Қазақстанда орташа зейнетақы ең төменгі жалақыдан 1,68 есе жоғары болған. Дегенмен сандар өскенімен, зейнеткерлердің нақты сатып алу қабілеті төмендеп жатыр. Мәселен, 2025 жылы төлем 8,5%-ға көтерілгенімен, жылдық инфляция 12% болып, зейнетақының нақты құны 3,8%-ға азайған. Соңғы төрт жылда елде зейнетақының нақты өсімі тек екі рет қана байқалып, 0,1–0,6% деңгейінде қалған.

Бұған қоса, қазақстандықтар мемлекеттен бөлек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан да төлем алады. 2026 жылдың қаңтар-қазан айларында зейнеткерлерге қордан айына орта есеппен 39 040 теңге берілген. Қысқасы, доллармен есептегенде көрсеткіш жаман көрінбегенімен, қымбатшылық бұл айырмашылықты жұтып қойып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.