Қазамбаев қазақ тойында келінді төрге отырғызуға қарсы шықты
Мұрат Қазамбаев үйлену тойында келінді төрге отырғызу дәстүрге қайшы екенін айтып, жаңа тәртіп енгізуді ұсынды. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мұрат Қазамбаев үйлену тойында келінді төрге отырғызу дәстүрге қайшы екенін айтып, мереке өткізуге жаңа ереже енгізуді ұсынды. Бұл туралы NewsAsia.kz 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сүйенген Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам белсендісінің пікірінше, тойлардағы даңғазалық көбейіп, салттың түпкі мәні ұмытылып барады. Ұлытау өңірінің ақсақалдары да осы мәселені көтеріп, ортақ тәртіп бекіту қажет деп санайды. Олар жаңа түскен келіннің төрде отыруын және үлкендердің жастар алдында билеуін дәстүрге жат әрекет дейді.
Белсенді келін кірген сәтте қарияларды орнынан тұрғызуды жөн көрмейді:
«“Келін келе жатыр, тұрыңдар, қол шапалақтаңдар” деп үлкендерді орындарынан тұрғызып, келіннің алдынан жүргізу – оған сәлем салғызумен бірдей. Жастарға шымылдықпен безендірілген арнайы орын дайындап, ал төрге құда мен құдағиды секілді қадірлі қонақтарды отырғызған жөн”, – деді Қазамбаев.
Сонымен қатар ол үлкендерге дастарқанды бөлек жайып, қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдыратын орынсыз әзілкеш асабаларды шақырмауға шақырды. Бастамашылардың айтуынша, тойдың басты мәні көңіл көтеру ғана емес, екі әулетті жақындастыру болуы керек әрі бұл ұсынысты кейбір асабалар мен той иелері де қолдаған.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.