Оралда жолды жөндеуге бөлінген 272 млн теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді
Оралда жол төсемін күрделі жөндеуге бөлінген 272 миллион теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Батыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Оралда жол төсемін күрделі жөндеуге бөлінген 272 миллион теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Батыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Қадағалау шаралары барысында қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұзындығы 1,2 шақырым болатын учаскені жөндеуге шарт жасасқаны белгілі болды. Тексеру бюджет заңнамасының талаптары бұзылғанын, жоспарланған рәсімдердің жөндеудің мәлімделген түріне сәйкес келмейтінін, сондай-ақ асфальттау жұмыстарын жүргізуге экономикалық негіздеменің жоқтығын анықтады.
Прокуратураның енгізген наразылығы бойынша шарттық міндеттемелердің күші жойылып, бюджет қаражаты сақталды. Қалалық бейінді бөлім басшысы қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.