28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Омбаев ғылымға қалай келгені және әкім болған жылдары туралы айтты

Әбдірахман Омбаев өзінің мал шаруашылығы ғылымына қалай келгенін және әкім болып қызмет атқарған жылдарын еске алды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Омбаев ғылымға қалай келгені және әкім болған жылдары туралы айтты
Фото: Turkystan.kz

Әбдірахман Омбаев өзінің мал шаруашылығы ғылымына қалай келгенін және әкім болып қызмет атқарған жылдарын еске алды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғалымның мәліметінше, ол еңбек жолын 1971 жылы Шымкенттегі Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында қарапайым аға лаборант болып бастаған. Кейін Мәскеуде оқып, 28 жасында кандидаттық, ал 42 жасында докторлық дәрежесін қорғаған.

1992 жылы облыс басшысы Марс Үркімбаевтың ұсынысымен Созақ ауданына әкім болып тағайындалып, екі жылдай қызмет етті. Өйткені ол уақытта бұл өңірде жарты миллион қаракөл қойы мен 18 мың түйе бар еді.

Бірақ көп ұзамай ол ғылымға қайта оралды. Академик Ғани Қалиев оған институт тізгінін қайта ұсынып: “Әбдірахман, сенің орның – ғылымда. Сен ғылым докторысың, осы саланың барлық сатысынан өттің”, – деген еді.

Омбаев сол ғылыми институтты 18 жыл бойы басқарып, оның бағытын заман талабына сай өзгертуге қол жеткізді.

Еске салсақ, 2011 жылдың желтоқсанында ол сол кездегі ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің шақыруымен Алматыдағы мал шаруашылығы институтының басшысы болып барған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.