Концерт пен жиындардағы тәртіп: көрермен мәдениеті неге маңызды
Көпшілік жиналатын концерттер мен жиындарда тәртіп пен өзгені сыйлау қоғам әдебінің басты көрсеткіші саналады, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Көпшілік жиналатын концерттер мен жиындарда тәртіп пен өзгені сыйлау қоғам әдебінің басты көрсеткіші саналады, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, адамның шынайы мәдениеті концерт залында немесе стадионда анық көрінеді. Сүйікті өнерпазын көруге асығып, алдыңғы қатарға ұмтылу, өзгелерді итеру мен кезек бұзу ортақ көңіл күйді бұзады. Мұндай іс-шараларда қауіпсіздік қызметін үйлестіру, адам санын реттеу мен кіріп-шығу жолдарын бақылау – ұйымдастырушылардың басты міндеті. Алайда барлық жауапкершілікті тек соларға артып қоюға болмайды.
Көрерменнің де өз міндеті бар. Көпшілік орында жанжал шығару, ортақ мүлікті бүлдіру немесе біреудің мазасын алу еш ақталмайды. Көңілі толмаған сәтте де адам өзін ұстай білуі тиіс. Өйткені сын айту мен тәртіп бұзудың арасы жер мен көктей. Сонымен бірге тегін тағам немесе сыйлық таратылған кезде де дүрбелең салмай, балалар мен қарттарға жол беріп, ортақ тәртіпке бағыну – тәрбиенің белгісі.
Басылым мұндай мәдениетті қалыптастыру отбасындағы тәрбиеден басталатынын еске салады. Ортақ ережені сақтау әр адамның қауіпсіздігі үшін өте маңызды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.