28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Ғалымдар технология дамыса да неге уақыт жетпейтінін түсіндірді

Заманауи гаджеттер мен жасанды интеллект адам еңбегін жеңілдеткенімен, неліктен уақыт тапшылығы бәрібір сезілетінін әлеуметтанушылар анықтап көрді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғалымдар технология дамыса да неге уақыт жетпейтінін түсіндірді
Фото: Turkystan.kz

Заманауи гаджеттер мен жасанды интеллект адам еңбегін жеңілдеткенімен, неліктен уақыт тапшылығы бәрібір сезілетінін әлеуметтанушылар анықтап көрді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Зерттеушілердің мәліметінше, бұл қайшылықтың бірнеше себебі бар. 2018 жылы әлеуметтанушылар Джонатан Гершуни мен Ориэл Салливан Ұлыбритания тұрғындарының уақыт күнделіктерін талдап, қоғамда уақыт қысымы шынымен күшейгенін растайтын нақты дәлел таппаған. Яғни, ақпараттық технологиялар адамдардың күн тәртібін бұрынғыдан тығыз етпеген, тек асығыстық сезімін тудыруы мүмкін.

Ал неміс әлеуметтанушысы Хартмут Роза қоғамдағы жылдамдықты технологиялық қарқын, әлеуметтік өзгерістер және күнделікті өмір ырғағы деп үш бағытқа бөледі. Оның ойынша, жүйе тұрақтылығын жоғалтпау үшін үздіксіз қозғалыс пен жаңаруды қажет етеді. Сол себепті адамдар жаңа талаптарға үнемі бейімделуге мәжбүр.

Әлеуметтанушы Джуди Вайцман болса, гаджеттер жұмыс пен жеке өмірдің шекарасын бұзғанын айтады. Электронды пошта мен смартфон хат алмасуды тездеткенімен, жедел жауап беру міндетін қалыптастырып, жұмыстан тыс уақытта да мазаны алатын болған.

Еске салсақ, технология жұмысты орындау мерзімін қысқартқанымен, босаған уақыттың адам игілігіне жарауы қоғамның талаптары мен әркімнің жеке шекарасына байланысты болып қала береді.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.