Ғалымдар Шығыс Қазақстаннан тапқан көбелекке тарихшы Қозыбаевтың есімін берді
Шығыс Қазақстандағы Арқалы тауларынан бұрын ғылымға беймәлім болған жынды көбелектің жаңа түрі анықталды. Бұл туралы NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шығыс Қазақстандағы Арқалы тауларынан бұрын ғылымға беймәлім болған жынды көбелектің жаңа түрі анықталды. Бұл туралы NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Зоология институтының мәліметінше, түнде ұшатын бұл жәндікке академик, тарихшы Манаш Қозыбаевтың құрметіне Scythobrya kozybayevi деген ғылыми атау берілді. Ол Noctuidae тұқымдасына жатады, алдыңғы қанаттары қара сұр түсті және бетінде сарғыш өрнектері бар. Жаңалықты қазақстандық энтомолог Сергей Титов пен британдық маман Антон Волынкин ашты. Зерттеу нәтижесі Entomological Studies халықаралық журналында жарияланды.
Бұл көбелек ең алғаш 2013 жылдың маусымында Бақалы шатқалынан табылған болатын. Сол кезде зерттеушілер оны бұрыннан белгілі жәндік деп ойлаған. Кейін оның дене құрылысын мұқият салыстырып, мүлде бөлек түр екенін дәлелдеу үшін 13 жыл уақыт кетті.
Еске салсақ, биыл академик Манаш Қозыбаевтың туғанына 95 жыл толды. Қазір бұл көбелек тек Арқалы тауларынан ғана белгілі, сондықтан ғалымдар оның қалай қоректенетінін және қай жерлерде таралғанын анықтау үшін алдағы уақытта жаңа экспедициялар өткізбек.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.