Елордада «Соғым-FEST» жәрмеңкесі төрт орында өтеді
Астанада 28 және 29 қараша күндері кезекті «Соғым-FEST» фермерлік өнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада 28 және 29 қараша күндері қала тұрғындары үшін дәстүрлі «Соғым-FEST» фермерлік өнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылады, деп хабарлайды NewsAsia.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасаған Aikyn.kz сайтына сүйеніп. Аталған сауда шарасында Ақмола, Абай, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының шаруа қожалықтары өз тауарларын тұтынушыларға делдалсыз, тікелей ұсынатын болады. Жәрмеңке сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін төрт бірдей алаңда жұмыс істейді: Алаш тасжолы бойындағы «Keruen Joly» және «Ет Әлемі» сауда кешендерінде, Бейбарыс Сұлтан көшесіндегі «Jurt» орталығында, сондай-ақ Қорғалжын тасжолында орналасқан «ERA» базарында. Сауда орындарына тұрғындар қалалық автобустармен жете алады. Атап айтқанда, Алаш тасжолындағы кешендерге №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307 және 317 бағдарлары барса, «Jurt» сауда орталығына №2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67, 73 маршруттары қатынайды, ал «ERA» базарына №35, 36, 45, 62, 66, 305 және 312 автобустары жүреді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.