28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Дипломат Рүстем Құрманғожин өмірден өтті

Қазақстандық дипломат, тарих ғылымдарының кандидаты және халықаралық қатынастар сарапшысы Рүстем Құрманғожин өмірден озды. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz пен Turkystan.kz басылымдарына сілтеме жасап хабарлайды.

Дипломат Рүстем Құрманғожин өмірден өтті
Фото: Aikyn.kz

Қазақстандық дипломат, тарих ғылымдарының кандидаты және халықаралық қатынастар сарапшысы Рүстем Құрманғожин өмірден озды. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz пен Turkystan.kz басылымдарына сілтеме жасап хабарлайды.

Суыт хабарды оның жақын досы әрі әріптесі, саясаттанушы Андрей Чеботарев әлеуметтік желіде жариялады. Дипломаттың неден көз жұмғаны әзірге айтылған жоқ.

Рүстем Құрманғожин 1985 жылы Мәскеудегі халықаралық қатынастар институтын бітіріп, 1986–2013 жылдары дипломатия саласында қызмет етті. Сыртқы істер министрлігінде кеңесші-уәкіл дәрежесіне дейін көтеріліп, еліміздің ТМД, Азия, АҚШ және Еуропалық одақпен байланысын дамытуға үлес қосты.

Мемлекеттік қызметтен кейін ол ғылым мен оқытушылыққа ден қойды. 2015 жылы диссертация қорғап, Нархоз, КИМЭП университеттерінде және Мемлекеттік басқару академиясында дәріс берді. Сондай-ақ бірқатар ғылыми еңбек пен 2022 жылы «Тәуелсіз Қазақстан тарихы: сыртқы саясат» кітабын жарыққа шығарды.

Еске салсақ, сарапшы өмірінің соңына дейін жұмысын тоқтатпаған. Биыл қазанда «Тұран» университетінің жастарымен жүздесіп, ал 25 қарашада ғана халықаралық саясат туралы жаңа мақаласын жариялаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.