28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Берік Уәлиге мақтау әнін арнаған асабаның видеосын әкімдік өшірткізіп тастады

Әлеуметтік желіде Абай облысының әкімі Берік Уәлиге арналған мақтау әні тарап, артынша өшірілді. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Берік Уәлиге мақтау әнін арнаған асабаның видеосын әкімдік өшірткізіп тастады
Фото: Stan.kz

Әлеуметтік желіде Абай облысының әкімі Берік Уәлиге арналған мақтау әні тарап, артынша өшірілді. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Танымал болған видеода әкімнің жиындарға қатысқаны, қаланы аралағаны мен көшеге асфальт төселіп жатқан сәттері көрсетілген. Мұхтар Түнқатардың “Әкеме қошемет” әнінің мәтінін өзгерткен авторлар оны “Әкімге қошемет” деп атапты. Онда әкімнің Семейде жол салып, жемқорлармен күресіп жатқаны мадақталып, тіпті оған “қамқоршым, қорғаным, байлығым, барым” деген теңеулер айтылған. Бұл жазбаны әлеуметтік желіге асаба Ернұр Қуаныш жүктеген.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, жергілікті билік мұндай мазмұндағы видеоға тапсырыс бермеген. Баспасөз хатшысы Азамат Қасым ролик желіге шыққан бойда оны дереу өшіруді талап еткендерін түсіндірді.

“Бейнеролик авторлардың жеке бастамасымен дайындалып, жарияланған. Облыс әкімдігі тарапынан мұндай мазмұндағы материалдарды әзірлеуге немесе таратуға ешқандай тапсырма берілген жоқ”, – деді Азамат Қасым.

Сондай-ақ әкімдік өкілі әнді айтқандардың мемлекеттік мекемелер мен мәдениет орындарында істемейтінін нақтылады.

Еске салсақ, бұл бейнеролик 25 қараша күні кешке Instagram мен TikTok-та пайда болған. Автор кейін жазбаны парақшасынан алып тастағанымен, қолданушылар оны мессенджерлер арқылы таратып үлгерді.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.