28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Алматыдағы «Пана» орталығы баспанасыздарға төрт мезгіл тамақ пен жатын орын беріп жатыр

Алматыда тұрақты мекені жоқ жандарға арналған «Пана» орталығы көшеде қалғандарға жатын орын, киім-кешек және тәулігіне 4 рет ыстық тамақ ұсынып келеді. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыдағы «Пана» орталығы баспанасыздарға төрт мезгіл тамақ пен жатын орын беріп жатыр
Фото: Stan.kz

Алматыда тұрақты мекені жоқ жандарға арналған «Пана» орталығы көшеде қалғандарға жатын орын, киім-кешек және тәулігіне 4 рет ыстық тамақ ұсынып келеді. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Орталық қызметкерлерінің мәліметінше, мұнда ер адамдар мен әйелдер бөлек бөлмелерге жайғастырылған. Тұрғындарға төсек-орын, іш киім, жуынатын заттар тегін таратылады. Күнделікті ас мәзірінде сүтті ботқа, сорпа, ет қосылған картоп пен тоқаштар бар. Сонымен қатар көшеде жарақаттанып немесе денесін үсік шалып түскендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.

Мекемеде тұру уақыты бір жылмен шектеледі. Орталық маманы Жадыра Әбдікәрімованың сөзінше, баспанасыз қалғандарды бұл жерге көбіне полиция қызметкерлері жеткізеді.

“Орталығымыз өмір бойы тұруға арналмаған. Келісімшарт мерзімі аяқталған соң, адам қалыпты өмірге оралуға дайын болса, оны орталықтан шығаруға міндеттіміз”, – деді қызметкер.

Мамандар орталықтан шығарар алдында әр адамның жағдайын бағамдайды: зейнетақысы, жұмысы немесе жәрдемақысы бар-жоғы тексеріледі. Ал көмекке мұқтаж қарт адамдар «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жіберіледі.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.