Алматыда су басудан қорғану үшін «Алатау» метросына құм толтырылған қаптар қойылды
Алматыдағы «Алатау» метро станциясының кіреберісіне жаңбыр суы кірмес үшін құм салынған қаптар төселді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыдағы «Алатау» метро станциясының кіреберісіне жаңбыр суы кірмес үшін құм салынған қаптар төселді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Алайда бұл уақытша тосқауыл көру қабілеті нашар жандарға арналған тактильді жолақтарды жауып тастаған.
Алматы метросы баспасөз қызметінің мәліметінше, қаптар станцияны қайта су басып қалмауы үшін уақытша қойылған.
«Алдағы уақытта су өткізбейтін понтонды бөгеттер сатып алу жоспарланып отыр. Олар сенімді әрі сыртқы көрінісі жағынан да қолайлы шешім болады», – делінген хабарламада.
Ал тактильді жолақтың жабылып қалуына қатысты метро өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандарға станцияның өзге кіреберістерін пайдалануды ұсынды. Сонымен қатар мекеме метро маңындағы су бұру желілері өз жауапкершілігіне кірмейтінін жеткізді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда нөсер жаңбырдан кейін көшелерді су алып, «Алатау» станциясының кіреберісіне дейін су жайылған болатын.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.