28 қараша 2026 Астана −4° USD 458,13EUR 502,29RUB 5,58CNY 68,85

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Абай университетінде Мәмбет Қойгелдиевтің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті

Абай атындағы ҚазҰПУ-да тарихшы-ғалым, академик Мәмбет Қойгелдиевтің 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай университетінде Мәмбет Қойгелдиевтің 80 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Фото: Turkystan.kz

Абай атындағы ҚазҰПУ-да тарихшы-ғалым, академик Мәмбет Қойгелдиевтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың қорытылған тарихы: бүгінгі жағдайы және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. Университет ректоры Болат Тілеп модераторлық еткен жиында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Президент өз хатында ғалымның XX ғасыр басындағы ұлт қайраткерлерінің мұрасын зерделеуге, тарихи жадыны жаңғыртуға және білікті шәкірттер тәрбиелеуге қосқан зор үлесін атап өткен. Алқалы басқосуға Қазақстаннан бөлек АҚШ, Жапония, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина және Оңтүстік Корея елдерінің ғалымдары қатысып, тарих ғылымының өзекті мәселелерін талқылады. Шара барысында мерейтой иесі «Отандық тарихнаманың қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктері туралы» баяндама жасап, академиктің бес томдық «Алаш қозғалысы» атты монографиялық еңбегінің тұсауы кесілді. Сонымен қатар университет басшылығы Мәмбет Қойгелдиевке «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.