40 жыл бойы асфальт көрмеген шекара маңындағы Сыңғырлау ауылының көшелеріне жол төселіп, сервис дамып келеді
Маңғыстау облысының шекара маңында орналасқан Сыңғырлау ауылында 40 жыл ішінде алғаш рет барлық көшелерге асфальт төселді, деп хабарлайды NewsAsia.kz «24KZ» телеарнасына сілтеме жасап.

Өзбекстанмен шекараға жақын орналасқан Бейнеу ауданының Сыңғырлау ауылында 40 жыл ішінде алғаш рет асфальт төселді, деп хабарлайды NewsAsia.kz «24KZ» арнасына сілтеме жасап. Аталған елді мекен Бейнеуден 25 шақырым, ал Ақтаудан 490 шақырым қашықтықта орналасқан, көрші елге дейінгі жол шамамен бір жарым сағатты алады.
Жол төсемі 100-ге жуық түтіні бар бүкіл ауыл бойынша жаңартылды. Қазіргі уақытта учаскелерде жол белгілері орнатылып жатыр. Жұмыстарды жүргізу барысында өңірлік өндірістің материалдары пайдаланылды.
«Асфальт ауылдың барлық жеріне төселді. Бәрі Маңғыстаудың материалдарынан жасалды. Битум – өзіміздікі, «Каспий битум» зауытынан, қиыршық тас та жергілікті өнім», — деп түсіндірді «BM Holding» ЖШС атқарушы директоры Абай Әбуғалиев.
Жергілікті тұрғындар инфрақұрылымның көптен күткен нәтижесі туралы әсерлерімен бөлісуде.
«40 жылда алғаш рет бізде асфальт болды. Жол тегіс, жүру бір ғанибет. Бәрі риза. Бүкіл ауыл болып қуанып жатырмыз. Бізде газымыз да, жарығымыз да бар», — деді ауыл тұрғыны Сәндигүл Тәжімова.
Елді мекен екі бағыттың түйіскен жерінде: Өзбекстан шекарасына баратын жол мен салынып жатқан «Бейнеу – Сексеуіл» тасжолының қиылысында орналасқан. Асфальт пайда болған соң мұнда көлік легі көбейді. Жазда жол бойынан жеңілдетілген несие қаражатына хостелі, асханасы, балалар алаңы мен бассейні бар сервис кешені ашылды. Кәсіпорын тәулігіне 100-ден астам қонақты қабылдайды және 10-нан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етті.
«Адамдар соғып, дәмді тамақтанады, бассейн жағасында демалады. Мұнда көлік бұзылған жағдайда тоқтап, қонуға болады. Президент ауылды дамыту, жолды дамыту туралы үнемі айтып келеді. Біз де бұған өз үлесімізді қосып жатырмыз деп ойлаймыз», — деп атап өтті кәсіпкер Руслан Көкімбетов.
Келесі жылы кешен аумағында автокөлік жуу орнын, техникалық қызмет көрсету станциясын және жанар-жағармай құю бекетін іске қосу жоспарланып отыр.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.