23 миллион теңге бәс тіккен: Жамбыл облысында төрт шенеунік жұмыстан босатылды
Жамбыл облысында заңдағы тыйымға қарамай құмар ойын ойнаған төрт қызметкер жұмыстан қуылды, олардың бірі 23 миллион теңге бәс тіккен. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысында заңдағы тыйымға қарамай құмар ойын ойнаған төрт қызметкер жұмыстан қуылды, олардың бірі 23 миллион теңге бәс тіккен. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, Жуалы ауданында тексеру жүргізіліп, әкімдік қызметкерлерінің құмар ойынға әбден салынғаны анықталған. Олар букмекерлік кеңсенің қосымшасы арқылы жүйелі түрде ақша салып отырған. Ал жергілікті органның бір бас маманы ойын шотына 23 миллион теңгеден астам қаражат құйған.
Тәртіптік комиссияның шешімінен кейін олар теріс себептермен қызметінен кетті.
«2024 жылдың 9 қыркүйектен бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуына заңмен тыйым салынған. Аталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеуді сақтамау мемлекеттік қызметтен босатуға негіз болады», – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында да құмар ойынға әуестенген төрт мемлекеттік қызметкер креслосынан айырылған болатын.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.