Жаңа жыл қарсаңындағы сауда: полиция интернет-алаяқтар көбейгенін ескертті
Жаңа жыл жақындағанда интернет-алаяқтар арзан тауар ұсынып, тұрғындарды алдауға көшеді. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа жыл жақындағанда интернет-алаяқтар арзан тауар ұсынып, тұрғындарды алдауға көшеді. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Полицияның мәліметінше, мерекелік қарбаласта алаяқтар смартфондар мен тұрмыстық техниканы, түрлі сыйлықтарды нарықтағы бағадан әлдеқайда арзанға сатамыз деп жұртты қызықтырады. Кейбірі тіпті “Мерекелік ұтысқа ие болдыңыз!” деген хабарлама жіберіп, азаматтардың сеніміне кіруге тырысады.
Тәртіп сақшылары бейтаныс интернет-дүкендерге бірден сенбей, алдын ала ақша аудармауға шақырады. Сатып алмас бұрын оларды мұқият тексерген жөн. Сондай-ақ жеке деректерді қорғау өте маңызды: банк картасының толық нөмірін, CVV-кодты және телефонға келетін SMS-кодтарды бөгде адамға беруге болмайды.
Егер алданып қалсаңыз, дереу банкке хабарласып, картаны бұғаттатып, 102 нөмірі арқылы полицияға жүгіну керек.
Еске салсақ, бұған дейін алаяқтар балалар сайысын сылтау етіп, азаматтардың WhatsApp және өзге де мессенджердегі аккаунттарын бұзып келген еді. Мерекеде ақшаңыздан айырылып қалмау үшін қарапайым сақтықты ұмытпаңыз.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.