Ақтөбелік қызға үйленбек болған Қытай азаматы 30 миллион теңгесінен қалай айырылды
Ақтөбеде жұмыс істейтін Қытай азаматы жергілікті бойжеткенге сеніп, 30 миллион теңгесі мен қымбат мүлкінен айырылды. Бұл туралы NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтөбеде жұмыс істейтін Қытай азаматы жергілікті бойжеткенге сеніп, 30 миллион теңгесі мен қымбат мүлкінен айырылды. Бұл туралы NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адамның айтуынша, екеуі 2023 жылдың тамызында әлеуметтік желіде танысқан. Бойжеткен әкесі отбасын тастап кеткенін айтып, үнемі көмек сұрап отырған. 2024 жылдың күзінде тіпті анасы жол апатынан көз жұмды деп алдаған. Шетелдік жігіт оның ипотекасын жауып, інісінің оқуы мен еміне қаржы табу үшін қыз көрсеткен бөтен есепшоттарға ірі сомада ақша аударып тұрған.
2026 жылдың жазында ер адам оған үйленуге ұсыныс жасап, ата-анасымен таныстыру үшін Қытайға апарған. Жігіттің отбасы оған бағалы әшекейлер, iPhone 17 Pro, Apple Watch, AI көзілдірігі мен камералар сыйлаған. Алайда елге оралған соң бойжеткен Ақтөбеде той жасау үшін тағы 8,5 миллион теңге сұрап, мейрамханаға ешқандай алдын ала төлем жасамағаны белгілі болды.
Алданғанын түсінген ер адам полицияға жүгінген. Тексеріс кезінде қыздың ата-анасы тірі екені және онымен бірге тұратыны анықталды. Ол ақшаны өз қажетіне жаратқанын мойындаған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қала прокуратурасының келісімімен қылмыс құрамы болмағандықтан тергеу тоқтатылған. Жәбірленушіге сотқа азаматтық тәртіппен жүгіну ұсынылды.
Алайда шетелдік азамат бұл шешімге шағым түсіріп, өз құқығын қорғау үшін ел президентіне дейін арыздануға ниетті.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.