26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Бағжанов Жамбыл облысында жасөспірімдер түскен әдепсіз видеоға қатысты мән-жайды айтты

Жамбыл облысында мектеп оқушылары қатысқан әдепсіз видео желіге тарап, полиция тергеу бастады. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бағжанов Жамбыл облысында жасөспірімдер түскен әдепсіз видеоға қатысты мән-жайды айтты
Фото: Stan.kz

Жамбыл облысында мектеп оқушылары қатысқан әдепсіз видео желіге тарап, полиция тергеу бастады. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысының бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі Дәурен Бағжановтың мәліметінше, жағдай жіті бақылауға алынды.

“Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың заңға қайшы әрекеттері түсірілген видеоның таралуына қатысты барлық қатысушы анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Арнайы жұмыс тобы құрылды. Жамбыл облысының бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі мен тиісті басқарма бұл істі бақылауға алды”, – деп жазды ол.

Әлеуметтік желіде тараған 14 минуттық жазбада Тараз қаласындағы мектептердің бірінде оқитын жасөспірімдер бейнеленген. Оқиға түнде, күркеге ұқсас ғимарат ішінде болған. Оқушылардың өзара әңгімесінен олардың бұндай жайтты қалыпты нәрседей көретіні аңғарылады. Сонымен қатар олардың қорғаныш құралдарын қолданбағаны байқалады, бұл жасөспірімдердің денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысының әкімі жасөспірімдермен жұмысты дұрыс жүргізбегені үшін бірқатар қызметкерге сөгіс жариялаған. Оған қоса жуырда өңірде жасөспірімдер төбелесінен соң тоғызыншы сынып оқушысы жансақтау бөліміне түскен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.