Ресейде 29 жыл бойы іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
Жыл басынан бері Қазақстан полициясы іздеуде жүрген 1 231 күдіктіні қолға түсіріп, хабар-ошарсыз кеткен 20 110 адамның қайда екенін анықтады, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жыл басынан бері Қазақстан полициясы іздеуде жүрген 1 231 күдіктіні қолға түсіріп, хабар-ошарсыз кеткен 20 110 адамның қайда екенін анықтады, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. Атап айтқанда, 4 қараша күні Семей қаласында Қытайға бет алған жүк пойыздарынан жалпы сомасы 6 миллион теңгеден астам мыс концентратын ұрлаған деген күдікпен 45 жастағы азамат ұсталды. Ал 20 қарашада Алматыда Абай облысының полиция қызметкерлері 2020 жылғы қаңтарда Семей тұрғынына күш қолданып, 1 миллион АҚШ долларын бопсалаған 40 жастағы күдіктіні құрықтады. ІІМ криминалдық полиция департаментінің өкілі Бекзат Кемалдың айтуынша, іздестіру жұмыстары ел аумағымен шектелмейді және шетелдік құқық қорғау органдарымен әріптестік нәтижесінде биыл Қазақстаннан тыс жерлерде 149 адам ұсталған. Мәселен, 22 қарашада Санкт-Петербургте 1997 жылы Орал қаласында үйге кіріп, күш қолдану арқылы бөтен мүлікті иемденген қарулы қарақшылық үшін іздеуде болған 62 жастағы қазақстандық қолға түсті, оның сыбайласы бұған дейін сотталған болатын. Сонымен қатар 20 қараша күні Ташкентте 4 миллион 350 мың теңге көлемінде залал келтірілген қарақшылық шабуыл бойынша 2025 жылдың қазан айынан бері іздеуде жүрген 40 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ведомство өкілі Бекзат Кемал: «ІІМ қылмыстың қашан жасалғанына және іздеуде жүрген адамдардың қай жерде екеніне қарамастан, оларды анықтау және ұстау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Жазаның бұлтартпастығы – Заң мен Тәртіп қағидатының негізгі ұстанымдарының бірі», — деп атап өтті.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.