Рақышева Threads-те пәтерақы сұраған студентті зорлап, бопсалаған ер адам туралы айтты
Ақтауда пәтерақы төлеуге көмек сұраған 21 жастағы студентті ер адам қала сыртына апарып зорлап, төрт ай бойы бопсалаған. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтауда пәтерақы төлеуге көмек сұраған 21 жастағы студентті ер адам қала сыртына апарып зорлап, төрт ай бойы бопсалаған. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Адвокат Ләззат Рақышеваның айтуынша, қиын жағдайда қалған қыз Threads желісінде жазба жариялап, қаражат сұраған. Оған бейтаныс ер адам көмектесуге уәде беріп, көлігімен қала сыртындағы елсіз жерге апарып зорлаған және оқиғаны видеоға түсіріп алған.
“Осыдан кейін ер адам қызға ешқандай қаржылай көмек көрсетпестен, оқиға орнынан кетіп қалған. Ең сорақысы, содан бері төрт ай бойы ол видеоны жариялаймын деп қорқытып, қызды бопсалап келеді”, – делінген адвокаттың мәлімдемесінде.
Рақышева қыздарға үндеу жасап, желідегі бейтаныс жандарға сенбеуге, олардың көлігіне отырмауға және оңаша қалмауға кеңес берді.
Ақтау қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысы бар ер адам анықталып, ұсталды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде 29 жастағы әйел такси жүргізушісін интимдік видеомен бопсалап, одан 420 мың теңге талап еткені үшін жауапқа тартылған болатын.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.