Партоленко әскерде сөйлеуден қалып, ауруханаға түсті
Шығыс Қазақстанда қызмет етіп жүрген қостанайлық жас сарбаз Станислав Партоленко сөйлей алмайтын халде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда қызмет етіп жүрген қостанайлық жас сарбаз Станислав Партоленко сөйлей алмайтын халде ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Жігіттің әскер қатарына аттанғанына жарты жыл ғана болған. Қазір ол өздігінен сөйлей алмайды және қолына қалам ұстауға да шамасы келмей қалған. Өскемен гарнизонындағы бөлімнен 19 қарашада емдеу мекемесіне жеткізілген сарбаздың жағдайын әскерилер психоэмоционалдық күйдің күрт төмендеуімен түсіндірді. Ал дәрігерлер сырқаттың әбден асқынғанын және емдеуге көп уақыт кететінін айтқан.
Анасы Татьяна Портоленконың сөзінше, ұлының халі өте нашар, ал жақында Өскеменге барып қайтқан әкесі көрген жағдайына қатты алаңдап отыр.
“Станиславтың әкесі Өскеменге барды. Баламызбен әрең кездесті. Оның жағдайын көріп, жұмсартып айтқанда, қорқынышты деуге болады. Ол сөйлеспейді, тек міңгірлейді. Қолын көтере алмайды. Тіпті қаламсапты қолына ала алмай қойды”, – дейді анасы.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бөлім ішінде ешқандай қысым мен әлімжеттік болмаған. Сондай-ақ қызмет жағдайына немесе командирлерге қатысты сарбаз бен ата-анасынан ешқандай шағым түспеген көрінеді.
“Қазір Станислав Партоленко әкесінің талабына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталіне әскери-дәрігерлік комиссиядан өту үшін әкесі және әскери бөлім өкілдерімен бірге Астана қаласына жолға шықты”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін Павлодардағы 5512 әскери бөлімінде қызмет еткен шымкенттік сарбаз Өмірбек Сұлтанмұратовтың да үйіне қайтуына бір ай қалғанда сал болып қалғаны белгілі болған еді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.