Хлыновский мектептер мен ауруханалардың жүйесін бұзғаны үшін АҚШ-та 27 жылға сотталуы мүмкін
Қазақстандық Роман Хлыновский АҚШ-та ауруханалар мен мектептердің деректерін ұрлап, бопсалады деген күдікпен Италиядан экстрадицияланды. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайты мен Bleeping Computer басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан азаматы Роман Хлыновский АҚШ-тағы мектептер мен емханалардың компьютерлік жүйесін бұзып, құпия медициналық жазбаларды ұрлады деген айыппен Италиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайты мен Bleeping Computer басылымына сілтеме жасап. 43 жастағы күдікті енді 27 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
АҚШ прокурорларының мәліметінше, Хлыновский INC Ransom және Lynx шабуылдарымен байланысы бар «8 таңбалы топтың» мүшесі болған. Олар алты штаттың мекемелеріне шабуыл жасап, 50 терабайттан астам ақпаратты, соның ішінде 70 миллион құпия медициналық құжатты қолды қылған. Ұрланған мәліметтерді таратамыз деп қорқытып, мекемелерден жалпы сомасы 500 миллион доллардан астам төлем талап еткен.
Киберқауіпсіздік мамандарының айтуынша, 2023 жылы құрылған INC Ransom тобы құқық қорғау орындарының көзіне түспес үшін кейін Lynx болып атын ауыстырған. Бұл топ кезінде Шотландияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі мен Xerox жүйесін де бұзған.
Еске салсақ, бұған дейін Тәжікстанның 2 мыңнан аса құжаты ұрланып, бұл іске Қазақстанмен байланысы бар хакерлердің қатысы бар екені айтылған болатын. CloudSek компаниясы олардың жасанды интеллект платформасын пайдаланғанын мәлімдеген еді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.