26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Атырау облысында мемлекеттік органдардың 800-ден астам жалған куәлігі тәркіленді

Атырау облысында тәртіп сақшылары мемлекеттік мекемелердің жалған қызметтік куәліктерін жасау және өткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Атырау облысында мемлекеттік органдардың 800-ден астам жалған куәлігі тәркіленді
Фото: Turkystan.kz

Атырау облысында тәртіп сақшылары мемлекеттік мекемелердің жалған қызметтік куәліктерін жасау және өткізу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел шаралар нәтижесінде қолдан жасалған 800-ден астам қызметтік куәлік пен оларды басып шығаруға арналған техникалық жабдықтар алынды.

ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, 23 қарашада полиция қызметкерлері ішінде төрт азамат болған Lexus 470 автокөлігін тексеруге тоқтатқан.

Көлікті тексеру кезінде тапанша макетіне ұқсас зат пен ҰҚК қызметкерінің жалған куәлігі табылды.

Осы оқиғадан кейін жедел іздестіру барысында қолдан құжат жасады деген күдікпен Атырау облысының 39 жастағы тұрғыны қолға түсті.

Күдіктінің үйін тінту кезінде түрлі мемлекеттік ведомстволардың 803 жалған куәлігі, оның ішінде ҰҚК-нің 606, ІІМ-нің 95, мемлекеттік кірістер органдарының 47, прокуратураның 46 және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 9 куәлігі тәркіленді.

Сонымен қатар ҰҚК-нің 367 эмблемасы, мөр, компьютерлік техника және өзге де жабдықтар айғақ зат ретінде алынды.

Құзырлы органның алдын ала мәліметінше, аталған азамат қолдан жасалған куәліктерді сатумен айналысқан.

Қазіргі уақытта полиция заңсыз әрекеттің барлық мән-жайын, күдіктінің сыбайластарын және одан жалған құжат алғандарды анықтау бойынша тергеу амалдарын жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.