Ақтауда есепші жүкті әйелдерге жалған құжат жасап, 146 миллион теңге жымқырған
Ақтауда жүкті әйелдерді өтірік жұмысқа тіркеп, мемлекеттен 146 миллион теңге жәрдемақы жымқырған есепші 5 жылға сотталды. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтауда жүкті әйелдерді өтірік жұмысқа тіркеп, мемлекеттен 146 миллион теңге жәрдемақы жымқырған есепші 5 жылға сотталды. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, елде осындай 7 дерек анықталған. Бұл шығын 2024-2025 жылдардағы көлемнен 100 миллион теңгеге асып кетті. Ақтаудағы айыпталушы Instagram арқылы көмек сұраған әйелдерге төлемді өсіріп беремін деп уәде еткен. Кейін таныстарының атына ЖК ашып, олардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен жалған еңбек шарттарын жасаған.
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерге 3 бөлмелі пәтер сатып алған, тергеу барысында оған тыйым салынды. Сот шешімімен бүгінгі таңда ол мемлекет кірісіне өтті”, – деді агенттіктің ресми өкілі Ернар Тайжан.
Алаяқтықтың кесірі енді адал жұмыс істейтін аналарға тиіп жатыр. Заңгер Әйгерім Ақниеттің айтуынша, бақылау күшейіп, шағын кәсібі бар әйелдер әрбір шығынын қағаз жүзінде дәлелдеуге мәжбүр болып қалған.
Экономист Бауыржан Ысқақтың сөзінше, мұндай заңсыздық бюджетке салмақ салып, шынайы мұқтаж жандарға жәрдемнің жетуін қиындатады: «Бірінші кезекте осы әлеуметтік төлемдерге бөлінген қаражаттардың дұрыс бағытқа жұмсалмауы ол бюджеттің шығындарының көбеюіне алып келеді...”, – деді ол.
Қысқасы, қулықпен ақша жасағандардың кесірінен енді қарапайым аналар тиесілі жәрдемақысын алу үшін артық тексерістен өтуге мәжбүр.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.