Алматы метросында жолаушыдан 29 оғы бар оқжатар тәркіленді
Алматыдағы «Бауыржан Момышұлы» метро бекетінде тексеру кезінде рюкзагынан оқ-дәрі табылған жолаушы ұсталды.

Алматыда «Бауыржан Момышұлы» метрополитен бекетінде тексеру кезінде оқ-дәрі алып жүрген жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Tengrinews.kz және Zakon.kz ақпарат көздеріне сілтеме жасап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қауіпті жүкті жолаушының қол жүгін тексеру барысында анықтады.
Күдікті зат рентген-телевизиялық қондырғының көмегімен байқалған. Рюкзактың ішін тексеру барысында полицейлер 5,45 миллиметрлік 29 патроны бар оқжатарды (магазин) тапты.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Ұсталған азамат мән-жайды анықтау үшін Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне тапсырылды, құқық қорғау органдары оқиғаның толық мән-жайын тексеріп жатыр.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.