Сейітнұрова чемодан оқиғасынан кейін Atlant кешеніндегі пәтерлер арзандамайтынын айтты
Астанадағы Atlant тұрғын үй кешеніндегі пәтер бағасы чемодан дауына бола арзандамайды. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Астанадағы Atlant тұрғын үй кешеніндегі пәтер бағасы чемодан дауына бола арзандамайды. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Qazaq Expert Club ұйымының сарапшысы Диляра Сейітнұрованың айтуынша, мұндағы баспананың бір шаршы метрі 946 мың теңгеден басталады. Үйдің сол жағалауда, «Астана Опера» театры мен сауда орталықтарының маңында тұрғаны сатып алушылар үшін соңғы шудан әлдеқайда маңызды.
«Сондықтан чемодандарға қатысты оқиғаның өзі тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құнына айтарлықтай әсер етпейді деп есептеймін. Atlant кешеніндегі тұрғын үй бағасының тұрақты түрде төмендеуін күтуге негіз көріп тұрған жоқпын», – дейді маман.
Сарапшының пікірінше, егер бірнеше пәтер иесі мүлкін шұғыл сатуға шығарса ғана баға уақытша түсуі мүмкін. Бірақ оған кешеннің аты емес, тез сату қажеттілігі әсер етеді. Сондай-ақ тергеу шеңберінде кейбір баспаналарға тыйым салынса, меншік иелерінің құқығы шектелуі ықтимал.
Сейітнұрованың айтуынша, біздің нарық мұндай жағдайларды тез ұмытады, ал жарты жылдан кейін чемодан хикаясы тек мем болып қалуы әбден мүмкін.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.