Астананың әр ауданында арнайы жәрмеңке кешендері бой көтереді
Елордада ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау және азық-түлік бағасын тежеу үшін арнайы жәрмеңке кешендерін салу жоспарланып отыр.
Астананың әр ауданында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында арнайы жәрмеңке кешендерін салу жоспарлануда. Бұл туралы елордалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев AIMAQ подкастының эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды NewsAsia.kz іскерлік ақпарат орталығы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілінің айтуынша, арнайы алаңдардың құрылуы қала тұрғындарын қолжетімді бағадағы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.