Қазақстанда үш жылда 1,6 мың шақырымнан астам суару каналы жаңғыртылды
Қазақстанда соңғы үш жыл ішінде жалпы ұзындығы 1 645,6 шақырым болатын суару каналдары жаңғыртылды, деп хабарлайды NewsAsia.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда соңғы үш жыл ішінде жалпы ұзындығы 1 645,6 шақырым болатын суару каналдары жаңғыртылды, деп хабарлайды NewsAsia.kz El.kz сайтына сілтеме жасап. Сондай-ақ осы уақыт ішінде сыйымдылығы 464,5 миллион текше метр болатын бес су қоймасын салу және жаңғырту, сегіз гидротехникалық құрылыс пен инженерлік жүйені ретке келтіру жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде 945 мыңға жуық тұрғыны бар 321 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамтитын 22 топтық су құбыры жобасы іске асырылды. Бұдан бөлек, 2026 жылдың басынан бері елімізде ұзындығы 4 640,8 шақырымдық 746 суару каналы, бес су қоймасы, 12 гидротехникалық нысан, 12 топтық су құбыры мен алты су нысанын санациялау жобалары жүзеге асырылып жатыр.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.