26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Мемлекеттік сатып алуда шетелдік азық-түлікке шектеу қойылды: екі жыл отандық өнімге басымдық беріледі

Қазақстандағы мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарға шетелдік азық-түлікті сатып алуға шектеу қойылды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік сатып алуда шетелдік азық-түлікке шектеу қойылды: екі жыл отандық өнімге басымдық беріледі
Фото: Stan.kz

Қазақстандағы мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдарға шетелдік азық-түлікті сатып алуға шектеу қойылды. Енді мұндай конкурстарға тек жергілікті тауар өндірушілер тізіліміндегі кәсіпкерлер ғана қатыса алады, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкіметтің мәліметінше, 2026 жылғы 23 қарашада “Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеудің кейбір мәселелері туралы” №1040 қаулы қабылданды. Жаңа ереже желтоқсан айында күшіне еніп, алдағы екі жыл бойы қолданылмақ. Негізгі мақсат — отандық кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, ішкі нарықты қорғау.

Құжат бойынша, Қазақстанда өндірілетін өнімдердің мемлекеттік сатып алуына шетелдік жеткізушілер жіберілмейді. Бірақ елімізде мүлде өндірілмейтін азық-түлікке бұл талап жүрмейді, мекемелер оларды бұрынғысынша сырттан тасымалдай береді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі “Атамекен” кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, қаулы шыққан күннен бастап он күн ішінде шектеуге ілігетін тауарлар тізімін бекітуі керек. Кодтары көрсетілген тізім мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі. Қай өнімдерге шектеу қойылғаны осы тізім шыққанда белгілі болмақ.

Ең бастысы, бұл ереже кәдімгі дүкен сөрелеріне немесе тұрғындардың шетелдік тауар алуына әсер етпейді. Шектеу тек мемлекет қазынасынан қаржыландырылатын сатып алу жүйесіне ғана қатысты.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.