Хань Чуньлинь қытай көліктерінің негізгі бөлшектерін шығару мерзімін нақты атамады
Қазақстанда қытайлық темір тұлпарлардың қосалқы бөлшектері өндіріле бастағанымен, негізгі тораптарды толық шығару мерзімі әзірге беймәлім, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда қытайлық темір тұлпарлардың қосалқы бөлшектері өндіріле бастағанымен, негізгі тораптарды толық шығару мерзімі әзірге беймәлім, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Қытайдың Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлиньнің мәліметінше, жергілікті кәсіпорындар бірқатар автобөлшекті жаппай жасауға қауқарлы. Қазір елімізде автомобиль шиналары, аккумулятор, орындық, сымдар, доңғалақ дискілері, көлік бояулары, автобусқа арналған темірлер мен мотордың кейбір тетіктерін шығару мүмкіндігі бар. Мәселен, Алматыда көлік орындықтары мен мультимедия жасалса, құрастыру кезінде Талдықорғанның аккумуляторы қолданылады.
Дипломаттың айтуынша, Қазақстан нарығына 20-дан аса қытайлық бренд кірген. Changan, Chery, Haval, Jetour, JAC және Li Auto көліктері ел ішінде жиналып жатыр. Дегенмен негізгі компоненттерді отандық зауыттарда толық өндірудің нақты мерзімі жоқ. Бұл жұмыс нарықтағы сұранысқа, бөлшек тасымалының тұрақтылығына және Қазақстан қоятын талаптарға тікелей байланысты болады.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда 2026 жылдың соңына қарай Volvo жүк тартқыштарын құрастыру, ал Қарағанды облысындағы Саран қаласында жылына 10 мың көлік шығаратын HOWO зауытын іске қосу жоспарланғаны белгілі болған еді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.