Даулбаев Балқашта АЭС саларда неге ғылымға арқа сүйеу керегін түсіндірді
Қазақстанға тек атом электр станциясын салып қана қоймай, өз ғылымын дамытып, шетелге тәуелділікті азайту қажет, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап.

Қазақстанға тек атом электр станциясын салып қана қоймай, өз ғылымын дамытып, шетелге тәуелділікті азайту қажет, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап.
Ғалымның мәліметінше, әлемде халық саны күрт артып, қазба отын қоршаған ортаға ауыр салмақ түсіруде. БҰҰ деректері бойынша, жер бетіндегі адам саны 8,2 миллиардқа жеткен. Осыған ұқсас жағдай біздің аймақта да байқалып, Орталық Азия тұрғындарының саны 2025 жылға қарай 83,6 миллионға жетпек. Осыған байланысты алғашқы «Балқаш» атом электр станциясын салу еліміз үшін үлкен маңызға ие болып отыр.
Дегенмен, станция қауіпсіз жұмыс істеуі үшін ядролық қондырғыларда қолданылатын материалдардың сапасы басты орында. Олар радиация мен жоғары температураға төзімді болуы тиіс. Бұл бағытта Ядролық физика институты арнайы зерттеулер жүргізіп келеді.
Ядролық физика институтының бөлім бастығы Чингис Даулбаев станция құрылысы ғылыми базаны жаңартумен қатар жүруі керектігін айтады:
“Менің ойымша, қазір Қазақстан үшін тек атом электр станциясын салумен шектелмей, сонымен қатар отандық ғылыми-технологиялық базаны дамыту, эксперименттік инфрақұрылымды жаңғырту және білікті мамандар даярлау аса маңызды. Өйткені отандық ғылыми әлеует пен құзыреттіліктің қалыптасуы материалдардың сенімділігін қамтамасыз етуге, атом энергетикалық қондырғыларының қауіпсіздігін арттыруға және шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметіне сәйкес, Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде баламалы қуат көздерін енгізу бойынша ең жоғары мүмкіндікке ие мемлекет саналады.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.