26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Chevron Қазақстанға 55 млрд доллар құйды: алып компанияның елге пайдасы қандай

Chevron тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан экономикасына 55 миллиард доллар инвестиция салған. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Chevron Қазақстанға 55 млрд доллар құйды: алып компанияның елге пайдасы қандай
Фото: Сурет: Stan.kz

Chevron тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанға 55 миллиард доллар инвестиция құйып, елдің жиынтық жалпы ішкі өніміне 178 млрд доллар үлес қосты. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Компанияның мәліметінше, 2010–2024 жылдары осы кәсіпорынның есебінен бюджетке 76,3 миллиард доллар салық пен міндетті төлем түскен. Chevron-ның тікелей төлемдері мен оның әсерінен келетін жанама кіріс мемлекет қазынасының 16,6%-ын құрап отыр. Ал оның негізгі активі саналатын «Теңізшевройл» үш жыл қатарынан елдегі ең ірі салық төлеуші атанып, жыл сайын 3 триллион теңгеден астам қаржы аударады. 1993 жылдан бері ТШО-ның тікелей төлемдері 222 миллиард доллардан асты.

Сонымен қатар алып компания отандық өндірушілерге тапсырыс беріп келеді. Мәселен, Щучинск қаласындағы Asiafilter зауыты ТШО-ның ресми жеткізушісіне айналған.

“ТШО-ның талаптарына сай жұмыс істеп. өндірістік мүмкіндіктерімізді кеңейтіп, өнім көлемін арттырдық. Инженерлеріміз бұрын шығармаған күрделі сүзгі түрлерін өндіруді меңгерді”, – деді компания басшысы Индира Нұрлан.

Еске салсақ, былтыр ТШО қазақстандық үш зауытпен жабдық жеткізуге 10,5 миллион доллардан астам қаржыға келісімшарт бекіткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.