2027 жылдан бастап ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі
Қазақстанда 2027 жылдан бастап ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге, ал айлық есептік көрсеткіш 4 693 теңгеге дейін өседі, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге, ал айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 4 693 теңгеге дейін өседі, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Үкіметтің мәліметінше, ең төменгі айлық 85 мың теңгеден бірден 25 мың теңгеге, яғни 29,4%-ға артады. Бұл шамамен 1,8 миллион адамның табысына оң әсер етпек, олардың қатарында бюджеттік салада жұмыс істейтін 370 мыңнан астам қызметкер бар. Дегенмен бұл елдегі әрбір жұмысшының жалақысы автоматты түрде дәл осы пайызға көбейеді дегенді білдірмейді.
Сонымен қатар 2027 жылы АЕК мөлшері 368 теңгеге (8,5%-ға) көбейеді. Осыған байланысты айыппұлдар мен алымдар да қымбаттай түседі. Мәселен, 10 АЕК көлеміндегі айыппұл 46 930 теңгеге, ал 20 АЕК 93 860 теңгеге дейін өседі.
Зейнетақы мен күнкөріс деңгейі де шамамен 8,5%-ға қайта есептеледі:
- ең төменгі зейнетақы — 74 919 теңге (2026 жылы 69 049 теңге болған);
- базалық зейнетақының ең төменгі шегі — 38 622 теңге (бұған дейін 35 596 теңге);
- ең төменгі күнкөріс деңгейі — 55 173 теңге (бұрын 50 851 теңге).
Еске салсақ, 2026 жылы елде АЕК мөлшері 4 325 теңге болып белгіленіп, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар 10%-ға көбейген еді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.