26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Қызайбай үлкен спорттағы қатал шындық туралы жазды

Назым Қызайбай әлеуметтік желіде үлкен спорттағы жетістік пен спортшыға деген көзқарас туралы ой бөлісті. Бұл туралы NewsAsia.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызайбай үлкен спорттағы қатал шындық туралы жазды
Фото: Сурет: Turkystan.kz

Назым Қызайбай әлеуметтік желіде үлкен спорттағы жетістік пен спортшыға деген көзқарас туралы ой бөлісті. Бұл туралы NewsAsia.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Боксшының айтуынша, ол кезінде қазақтан шыққан үш дүркін әлем чемпионы болуды мақсат етіп, берген сөзінде тұрған. Дегенмен спортта адамдардың көзқарасы тек нәтижеге байланысты өзгеретінін жасырмады. Сондай-ақ спортшы жетістіктің артында ұзақ жылғы қажырлы еңбек, төзім мен тәртіп тұрғанын атап өтті.

«Айтқан сөзімде тұрдым. Мен үшін сөз – жай ғана сөз емес, ол жауапкершілік. Арты – еңбек, тәртіп пен барымды салу… Үлкен спортта бір шындық бар: нәтижең барда керексің, нәтижең жоқта бәрі өзгереді. Адамдар да, басшылық та, көзқарастар да уақытша. Ал сенің еңбегің, төзімің, құрбандықтарың мен жеткен жетістіктерің – сенің тарихың. Сондықтан мен үшін ең маңыздысы – өз жолыма адал болу…», – деп жазды Назым Қызайбай.

Еске салсақ, Қызайбай – әлем біріншіліктерінде бес рет жүлдегер атанып, оның үшеуінде алтын алған еліміздің ең табысты боксшыларының бірі. Сондай-ақ ол 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында қола медаль еншіледі.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.