Финалдағы есе жіберу және 6 медаль: қазақстандық дзюдошылар Ташкентте бақ сынады
Ташкентте өткен дзюдодан кадеттер арасындағы Гран-при кезеңінде Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алды.

Ташкентте өткен дзюдодан кадеттер арасындағы Гран-при кезеңінде Қазақстан құрамасы алты бірдей жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz пен Kazinform агенттіктеріне сілтеме жасап.
Жарыстың соңғы күнінде 90 келіден жоғары салмақта күрескен Ердәулет Жұмабай финалға дейін жеткенімен, шешуші белдесуде қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасаған дереккөздер нақтылады.
Осылайша отандық дзюдошылар бәсекені бір алтын, үш күміс және екі қола медальмен қорытындылады. Жарыс барысында Әдия Жанахмет (40 келі) алтыннан алқа тақса, Ернат Кеңесбек (55 келі) пен Аслан Ерғалиев (60 келі) күміс жүлде иеленді. Ал Ғабит Расулхан (60 келі) мен Ерік Үсенов (66 келі) турнирдің қола жүлдесіне ие болды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.