26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Жаңаөзендегі мектеп дәретханасы желіде шу шығарды: шенеуніктер не дейді

Жаңаөзендегі №6 мектептің дәретханасы түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Қалалық білім бөлімі бұл кадрлардың жөндеуге дейін түсірілгенін мәлімдеді.

Жаңаөзендегі мектеп дәретханасы желіде шу шығарды: шенеуніктер не дейді
Фото: Stan.kz

Жаңаөзендегі №6 мектептің дәретханасы түсірілген видео әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Жазба авторы қаражат тапшылығынан жөндеу тоқтап қалды деп шағымданған.

Видео авторы ата-аналардың талабын жеткізіп: «Балаларға дәретхананы пайдалану мүмкін болмады. Ата-аналар ашулы және бұған кім жауапты екенін сұрап отыр. ХХІ ғасырда мектептің жағдайы қандай екенін көріңіздерші! Бұған шынымен жол беруге бола ма?”, – делінген хабарламада.

Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің мәліметінше, желідегі кадрлар жөндеуге дейін түсірілген. Жаңа оқу жылы алдында жазда санитарлық жабдықтар ретке келтіріліп, жылу жүйесі тексерілген. Ал Маңғыстау облыстық білім басқармасы бұл видеоның екі жыл бұрын түсірілгенін, желіге басқа аудиомен қайта жүктелгенін нақтылады.

1976 жылы салынған мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу үшін 2025 жылы мердігер анықталған. Алғашқы бөлінген қаржыға спорт және акт залдары, кітапхана мен екі кабинет жаңартылыпты.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы №5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің садақ ату жертөлесіндегі ескі дәретхана суреті де желіде қызу наразылық тудырған еді.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.