Сұлтанғазиев шетелдіктердің Қазақстанға тіс салдыруға неге жиі келетінін айтты
Шетелдіктер Қазақстанға тіс имплантын орнату үшін жиі келе бастады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Шетелдіктер Қазақстанға сапалы әрі қолжетімді стоматологиялық көмек алу, әсіресе тіс имплантын салдыру үшін жиі келе бастады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Тимур Сұлтанғазиев Құрылтай жиынында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан стоматологтары қауымдастығының мәліметінше, шетелдік пациенттердің отандық емханаларға деген қызығушылығы артып келеді. Оған басты себеп – сапа мен бағаның тиімді үйлесуі.
“Кейбір елдерде бір имплант орнату бірнеше мың доллар немесе еуро тұрады. Қазақстанда дәл осындай қызметтер әлдеқайда арзан, сонымен қатар стоматологиялық көмектің сапасы жағынан шетелдік мамандардан кем түспейміз”, – деді ол.
Медициналық туризм клиникалардың тынысын ашып, дәрігерлер мен медбикелерге қосымша табыс әкеледі. Бұл сондай-ақ жеке сектор мен ел экономикасын нығайтуға көмектеспек. Ең бастысы, бұл жағдай қарапайым қазақстандықтардың ем алуына кедергі келтірмеуі шарт.
Осыған орай, заң жүзінде «медициналық туризм» ұғымын бекітіп, шетелден емделуге келетін пациенттерге қызмет көрсету тәртібін нақты реттеу жоспарланған.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.