26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Шымкентте 2026 жылы 24 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады

Шымкентте 2026 жылы электрмен жабдықтау бойынша 8 жоба жүзеге асырылып, 24 мыңға жуық адам сапалы жарыққа қол жеткізеді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап.

Шымкентте 2026 жылы 24 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады
Фото: Aikyn.kz

Шымкентте 2026 жылы электрмен жабдықтау саласында сегіз жоба жүзеге асырылып, 24 мыңға жуық адам сапалы әрі тұрақты жарыққа қол жеткізеді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап. Қалалық Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, мегаполис бойынша қазіргі уақытта 81 елді мекен қуат көзімен қамтылған. Қазіргі кезде Сайрам, Сәуле шағынауданындағы 275-орам, Қайнарбұлақ және Тұран аумақтарында жаңа электр желілерін жүргізу шаралары қолға алынған. Бұдан бөлек, Сауда-логистикалық орталығына инженерлік желі тарту, Dala Construction ЖШС нысанын жарықпен қамту және «Жұлдыз» индустриялық аймағының инфрақұрылымын кеңейту жұмыстары жалғасуда. Шаһардың ұлғаюына байланысты табиғи газ бен электр жүйесінің қуатын арттыру, тозу деңгейін төмендету және ресурстарды тиімді пайдалану шаралары да кезең-кезеңімен атқарылып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.