Қызылордалық дәрігерлер мерзімінен үш ай ерте туған екі сәбиді аман алып қалды
Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері жүктіліктің 24-аптасында туған екі нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігерлері жүктіліктің 24-аптасында туған екі нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Шақалақтар мерзімінен үш ай бұрын дүниеге келген. Дәрігерлер салмағы 525 грамм қыз бен 650 грамм ұлды екі айдан астам уақыт бойы күтіп-баптап, емдеген. Бүгінде екеуінің де салмағы 1900 грамға жетіп, жағдайлары түзелді.
Кішкентай емделушілер әуелі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, кейін СИПАП әдісі арқылы тыныс алған. Қазір олар өздігінен дем алып жатыр әрі үйге шығуға дайындалуда.
«Бұл кезең нәрестелердің өздері үшін де, ата-аналары үшін де үлкен сынақ болды. Әрбір өткен күн, қосылған әрбір грамм және денсаулығындағы оң өзгерістер үлкен үмітке айналды. Ұзақ уақыт қарқынды терапия қабылдап, тұрақты медициналық бақылауда болған сәбилердің жағдайы біртіндеп тұрақталды. Қазір екеуі ауруханадан шығуға дайындалып жатыр», – деді бөлім меңгерушісі, неонатолог дәрігер Индира Бекжанова.
Аурухана мәліметінше, биыл 9 айдың ішінде осы перинаталды бөлімшеден салмағы 1000 грамға жетпей туған 19 нәресте сауығып шыққан.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.