Қошанов жаңа жобамен Аралға барды
Ерлан Қошанов Қызылорда облысының Арал ауданына барып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлан Қошанов Қызылорда облысының Арал ауданына барып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. Өңірде «Халыққа жақын» атты жаңа республикалық жоба жұмысын бастады.
Халық Кеңесінің мәліметінше, бастаманың негізгі мақсаты — шалғай ауыл тұрғындарымен тікелей байланыс орнату және олардың мәселесін шешуге жәрдемдесу. Қызылорда облысы жоба басталған алғашқы аймақ болды, кейін бұл тәжірибе бүкіл елге тарайды.
Жиында сөз сөйлеген кеңес жетекшісі реформалардың мәніне тоқталды:
“Биыл – еліміз үшін тарихи жыл. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жалпыұлттық референдумда жұрт болып жұмылып, қастерлі құжатымыз Конституцияны қабылдадық. Елімізде ауқымды реформалар іске асуда. Сіздер сол өзгерістердің бел ортасында жүрсіздер. Мемлекет басшысы қоғамға, елге қажет бастамаларды қолға алды. Бұл үдерістерге азаматтарды тартуда Қазақстанның Халық Кеңесіне маңызды міндет жүктеледі. Соның дәлелі ретінде бүгін Аралға «Халыққа жақын» жобасымен келіп отырмыз”, – деді Халық Кеңесінің Төрағасы.
Енді министрліктер мен кеңес өкілдерінен құралған мобильді топтар шалғай елді мекендерді аралайды. Олар жұмыспен қамту, медицина, интернет және экология мәселелерін тыңдап, көмек көрсетеді. Жергілікті деңгейдегі шаруалар әкімдіктермен бірге шешілсе, жүйелі проблемалар орталық органдарға жіберіледі.
Сонымен қатар Халық Кеңесінің мүшесі Бағдат Мусиннің қатысуымен арнайы мобильді қосымша әзірленіп жатыр. Оның көмегімен кез келген азамат ауылдан шықпай-ақ өз арыз-шағымы мен ұсынысын тікелей жолдай алады.
Еске салсақ, биыл жалпыұлттық референдумда қабылданған жаңа Конституция бойынша Халық Кеңесіне конституциялық мәртебе берілген болатын. Бұл қарапайым тұрғындарға мемлекеттік маңызды шешімдерге тікелей араласуға мүмкіндік береді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.