26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Қазақстан БҰҰ рейтингінде 16-орынға көтерілді: Жапония мен Германия артта қалды

Қазақстан БҰҰ-ның «Электронды Үкіметті дамыту» рейтингінде 24-орыннан бірден 16-орынға көтеріліп, үздік жиырмалыққа тұңғыш рет кірді. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан БҰҰ рейтингінде 16-орынға көтерілді: Жапония мен Германия артта қалды
Фото: Aikyn.kz

Қазақстан БҰҰ-ның «Электронды Үкіметті дамыту» рейтингінде 24-орыннан бірден 16-орынға көтеріліп, үздік жиырмалыққа тұңғыш рет кірді. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

БҰҰ-ның мәліметінше, еліміз екі жылдың ішінде сегіз сатыға ілгерілеп, Швеция, Германия, Жаңа Зеландия мен Жапонияны басып озды. Даму индексі 0,9009-дан 0,9363-ке дейін өсіп, Қазақстан Орталық Азия мен ТМД елдері арасында бірінші орынды сақтап қалды. Сонымен қатар байланыс пен интернеттің қолжетімділігі бойынша республика 41-орыннан 13-орынға бір-ақ секіріп, Эстония деңгейіне жақындады.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жүйелі реформалардың маңызына тоқталды:

“Президент Қазақстанды 3 жыл ішінде толыққанды цифрлық елге айналдыру міндетін қойды. Нәтижеге жүйелі жұмыс арқылы қол жеткізіледі. ЖИ-ге басымдық беру өз тиімділігін көрсетті: ол бюрократиялық процестерді өз мойнына алды, адамдарға стратегиялық және шығармашылық міндеттерге уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Алдымызда тұрған келесі міндет – азамат өзі сұраныс білдірмей тұрып-ақ қажетті қызметтерді алдын ала ұсынатын мемлекет қалыптастыру”, – деді министр.

Еске салсақ, қазір еліміздегі мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн қолжетімді. 2026 жылдың он айында көрсетілген 51 миллион қызметтің үштен екісі смартфон арқылы алынған. Яғни құжат рәсімдеу мен анықтама алу үшін кезекте тұрудың қажеті жоқ — барлық қызмет әр азаматтың қалтасындағы телефонда қолжетімді.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.