Қазақстан ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша әлемде 99-орында қалды
Қазақстандықтардың ағылшын тілін білу деңгейі сәл өскенімен, көрсеткіш әлі де нашар. Ел EF English Proficiency Index 2026 рейтингінде 117 мемлекет ішінен 99-орынға жайғасты, деп хабарлайды NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Зерттеушілердің мәліметінше, Қазақстан биыл 424 балл алды. Былтыр ел 417 ұпаймен 123 мемлекеттің арасында 107-орында тұрған еді. Бір жыл ішінде жеті балл қосылып, позиция сегіз сатыға жақсарғанымен, еліміздің тілді меңгеруі бәрібір “өте төмен” деңгейде деп танылды.
Рейтинг нәтижесі әлем бойынша 2,3 миллион адам тапсырған EF SET сынағына негізделген. Тізімге кемінде 700 азаматы тестілеуден өткен елдер ғана енген. Үздік бестік мынадай:
- Швеция – 615 балл;
- Австрия – 613 балл;
- Дания – 612 балл;
- Германия – 611 балл;
- Нидерланд – 609 балл.
Өткен жылы көш басында болған Нидерланд бесінші орынға түсіп, былтыр сегізінші тұрған Швеция бірінші орынға шықты. Алайда тестілеуге адамдар тек өз қалауымен қатысқандықтан, бұл бүкіл ел халқының білімін дәл көрсететін өлшем бола алмайды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан халық пен бизнеске жасалған мүмкіндіктер бойынша үздік 50 елдің қатарына кірген болатын.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.