26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Қарағандыда теміржол күзетшілеріне 5 миллион теңгеден астам еңбекақы қайтарылды

Қарағанды өңірлік көлік прокуратурасы теміржол күзетінің 700-ден астам қызметкерінің еңбек құқығын қорғап, тиесілі төлемді өндірді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қарағандыда теміржол күзетшілеріне 5 миллион теңгеден астам еңбекақы қайтарылды
Фото: Turkystan.kz

Қарағанды өңірлік көлік прокуратурасы теміржол күзетінің 700-ден астам қызметкерінің еңбек құқығын қорғап, тиесілі төлемді өндірді, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. Қадағалау органы «Әскерилендірілген теміржол күзеті» серіктестігінің филиалында ауысым алдындағы медициналық куәландыру уақытына ақы төленбегенін анықтаған. Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпорынның ішкі актілеріне өзгерістер енгізіліп, жұмысшыларға бұрын берілмеген медициналық тексеру уақыты үшін 5 миллион теңгеден астам қаржы төленді.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.