Қадыров қазақстандық оқушыларды Шешенстанға шақыру бастамасын қолдады
Қазақстандық мектеп директорының орынбасары Рамзан Қадыровтан оқушыларды Шешенстанға апаруға қолдау көрсетуді сұрады. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық мектеп директорының орынбасары Рамзан Қадыровтан оқушыларды Шешенстанға апаруға қолдау көрсетуді сұрады. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Stan.kz мәліметінше, бұл ұсынысты Шешенстанда туып, қазір Қазақстанда қызмет етіп жүрген мұғалім Ахмат Мучулаев 24 қарашада өткен тікелей эфир кезінде көтерген. Ол «Арманға апарар жол» жобасы бойынша оқушыларды өлкенің мәдениетімен және тарихымен таныстыру үшін аймақ басшылығынан экскурсия мен жататын орын ұйымдастыруға көмек беруін өтінген.
Рамзан Қадыров бұл тапсырманы үкіметтегі министрі Ильман Вахидовке жүктеп, сапарды бақылауға алуды тапсырды.
“Әрбір өтініштің қаралуы мен берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауда ұстаймыз”, – деп жазды ол эфирден кейін.
Әзірге балалардың нақты қашан баратыны және қанша оқушы қамтылатыны белгісіз. Әлеуметтік желі қолданушылары Ресейдің Украинаға қарсы соғысы жүріп жатқан тұста балалардың қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдіруде. Қазақстан заңы бойынша балаларды шетелге апару үшін ата-анасының арнайы нотариалды рұқсаты керек.
Еске салсақ, 1944 жылы шешендер мен ингуштар Қазақстанға күштеп жер аударылып, 1957 жылы ғана тарихи отанына оралуға мүмкіндік алған еді.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.