26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

NIS түлектері ауыл оқушыларына грант бөліп, 3D-принтерлер сыйлады

Зияткерлік мектепті тәмамдаған жастар ауыл балаларының оқу ақысын төлеп, ағылшын тілін тегін үйретуде. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

NIS түлектері ауыл оқушыларына грант бөліп, 3D-принтерлер сыйлады
Фото: Сурет: Stan.kz

NIS түлектері ауыл мектептеріндегі оқушыларға оқу гранттарын тағайындап, тегін сабақ өткізіп және жаңа техника сыйлап келеді. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Alumni NIS қауымдастығының мәліметінше, қаржылай көмек әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан ауыл балаларына бағытталған. Зияткерлік мектепке түсу сынағынан кейін «Өркен» грантының резервіне ілінген оқушылардың ақысын түлектер қайырымдылық балынан түскен қаржы мен жеке жинаған ақшасы есебінен өтейді.

Сонымен бірге олар ауыл балаларына ағылшын тілі мен мамандық таңдау бойынша дәріс беретін жобаларды қолға алды. Ал 2026 жылдың күзінде Сабыржан Мұстафин, Мансур Ахмеров, Дамир Дәуренұлы және Әділет Саду есімді түлектер өз компаниялары арқылы Ұлытау облысындағы 86 мектеп пен 14 колледжге 100 дана 3D-принтер тарту етті.

Еске салсақ, бұл қолдау 2023 жылы Шәуілдір ауылының оқушысына берілген көмектен басталды. Кейін дәл осындай мүмкіндікті Алматы облысының Райымбек ауылындағы және Атыраудағы үміткерлер де алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.