26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Мәрсеков Алаш автономиясын мойындату үшін Жапонияға жүгінген

Райымжан Мәрсеков 1919 жылы Жапония үкіметінен Алашорданы ресми тануды және көмек беруді сұраған. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәрсеков Алаш автономиясын мойындату үшін Жапонияға жүгінген
Фото: Сурет: Aikyn.kz

Райымжан Мәрсеков 1919 жылы Жапония үкіметінен Алашорданы ресми тануды және көмек беруді сұраған. Бұл туралы архив деректеріне сүйеніп, NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жапония Сыртқы істер министрлігінің архивінде сақталған хатты жапон ғалымдары Рёсукэ Оно мен Томохико Уяма 2022 жылы ғылыми айналымға енгізген. Құжат бойынша, заңгер әрі Алаш қайраткері 1919 жылғы 17 қаңтарда Владивостокта Жапонияға тоғыз беттік ресми үндеу жолдаған. Онда Алашорданы мойындау, дипломатиялық қатынас орнату және оны өзге елдердің тануына ықпал ету мәселесі көтерілген.

Тарихшы Томохико Уяманың айтуынша, Мәрсеков хатында Түркістан және башқұрт халықтарымен одақтасу жоспарын, елдегі азық-түлік тапшылығы мен індеттерді айтып, медициналық, қаржылай және әскери көмек сұраған. Сондай-ақ ол Колчак үкіметін мүлде атамай, Алашорданы дербес күш ретінде сипаттаған. Архив дерегінше, Мәрсеков Жапонияның вице-консулымен де жолығып, 1919 жылғы Париж бейбітшілік конференциясына қазақ өкілін жіберуге ниеттенген.

Алаштанушы Сұлтан Хан Аққұлы бұл тарихи қадам Алаш зиялыларының түпкі мақсаты тәуелсіздік болғанын және оларға кеңес заманында тағылған «жапон тыңшысы» деген айыптың жалған екенін көрсететінін атап өтті. Алайда ол кезде Колчакты қолдаған Токио бұл бастамаға мән бермегендіктен, өтініш нәтижесіз қалған.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.