26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Күйзеліс, депрессия және жүрек соғысы: ЕҰУ-да психодиагностика зертханасы ашылды

Еуразия ұлттық университетінде студенттердің жай-күйін жасанды интеллект зерттейтін KazAI Mental Lab зертханасы ашылды, деп хабарлайды NewsAsia.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Күйзеліс, депрессия және жүрек соғысы: ЕҰУ-да психодиагностика зертханасы ашылды
Фото: 24.kz

Еуразия ұлттық университетінде KazAI Mental Lab зертханасы ашылды. Онда мамандар күйзеліс пен дағдарыстық жағдайлардың алдын алу мақсатында жасанды интеллектінің көмегімен білім алушылардың психологиялық жай-күйін бағалайды, деп хабарлайды NewsAsia.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Диагностика тікелей жоғары оқу орны базасында жүргізіледі. Арнайы датчиктер бас миының белсенділігін, жүрек жұмысын және басқа да физиологиялық параметрлерді тіркейді, содан кейін мәліметтер жиынтығын ЖИ-агент өңдейді. Бұдан әрі студенттерге психологиялық практиканы тыңдау ұсынылады.

Гумилев атындағы ЕҰУ психология кафедрасының меңгерушісі Әлия Мәмбетәлина бұл әдістеменің қалай жұмыс істейтінін түсіндірді:

«Сегіз минуттық практикадан кейін қайта өлшеу жүргіземіз. Біз Қазақстанда жасалған бағдарламамыздың тіпті сегіз минутасының өзі адамға эмоционалдық жағдайын біршама реттеуге көмектесетінін көріп отырмыз. Сегіз апталық курстан соң адам мықты тұлғаға айналып, өзін-өзі жақсы реттей алатын, саналы күйге жетеді. Ең бастысы – күйзеліспен және депрессиялық жағдаймен саналы түрде жұмыс істеу».

ЕҰУ Басқарма мүшесі – ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры Нұрбек Сапарходжаев жоба ауқымын кеңейту жоспарланып отырғанын айтты:

«Біздің ғалымдар өз өнімін әзірлеп шығарды, бұл өте маңызды. Бұл толықтай отандық өнім және қазірдің өзінде сұранысқа ие болып үлгерді. Қазіргі таңда ол екі шетелдік жоғары оқу орнында – Болгарияда және Ресей халықтар достығы университетінде белсенді түрде енгізіліп жатыр. Келесі кезеңде біз жобаны толық коммерцияландыруға шығарып, осы өнімді Қазақстанның, Қазақстан Республикасындағы басқа да ЖОО-ларына таратуды жоспарлап отырмыз».

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.