Астаналық студенттер қолдау білдіру үшін 300 сарбазға арнайы хат апарды
Астаналық студенттер Ұлттық ұланның 5573 әскери бөліміндегі 300 сарбазға хат жазып, жауынгерлердің қолына өздері табыстады. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz, Turkystan.kz және Kazinform агенттіктеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл бастаманы Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университетінің әскери кафедрасы мен әскери бөлім ұйымдастырған. «Сарбазға хат» патриоттық акциясы аясында жастар әскери бөлімге арнайы барып, Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатарластарына қолдау көрсетті. Әр хатта жауынгерлерге арналған ізгі тілек пен алғыс сөздер жазылған.
Жастар сарбаздар тұратын казармаларды аралап, олардың тұрмыс жағдайымен, күн тәртібімен және әскери талаптармен танысты. Сонымен қатар студенттер Ұлттық ұлан сарбаздары қолданатын арнайы техникаларды көріп, олардың қызметі жайлы ақпарат алды.
Кездесу кезінде жастар әскери қызметшілермен еркін пікір алмасты. Олар әскердегі өмірдің қызығы мен қиындығы, жауапкершілік пен төзімділік туралы сауалдар қойып, сұрақтарына сарбаздардың өз аузынан жауап алды.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.