26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Астана Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ауқымды мерекелік бағдарлама әзірледі

Елордада Тәуелсіздіктің 35 жылдығы аясында қала қауіпсіздігін нығайту мен мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ауқымды мерекелік бағдарлама әзірледі
Фото: Aikyn.kz

Елордада Тәуелсіздіктің 35 жылдығы аясында қала қауіпсіздігін нығайту мен мәдени мұраны дәріптеуге бағытталған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Мерекеге орай 16 желтоқсанға дейін елорданың алты ауданында 11 жаңа модульдік және учаскелік полиция пунктін іске қосу жоспарланған. Жаңа нысандар Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра, Сарайшық және Сарыарқа аудандарында ашылып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға қызмет етеді. Сонымен бірге желтоқсан айында 60-қа жуық танымдық, мәдени және спорттық іс-шара өтеді. Бағдарлама шеңберінде 4 желтоқсанда Достық үйінде Ethno Vision фестивалі ұйымдастырылса, 10 желтоқсанда Tarlan Astana бекетінде тарихи көрме, ал 15 желтоқсанда Күйшілер аллеясында естелік тақта ашылады. Сондай-ақ мерекелік күндері «Астана Балет», Astana Opera, М. Горький атындағы драма театры, Ұлттық музей және филармония сахналарында арнайы қойылымдар мен концерттер, ал жастар үшін «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз!» фестивалі ұйымдастырылады.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.