6 миллион теңге алимент қарызы бар шулық тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды
Жамбыл облысында баласына 6 миллион теңгеден астам алимент төлемеген ер адам 20 сағат қоғамдық жұмыс істейді. Бұл туралы NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысында баласына 6 миллион теңгеден астам алимент төлемеген ер адам 20 сағат қоғамдық жұмыс істейді. Бұл туралы NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Шу аудандық сотының мәліметінше, аудан тұрғыны сот бұйрығын орындамай келген. Оған кәмелетке толмаған баласын асырау үшін табысының төрттен бір бөлігін ай сайын төлеп тұру міндеттелген еді.
Талаптар мен бірнеше мәжбүрлеу шараларына қарамастан, борышкер ақшаны толық аудармаған. Салдарынан берешек 6 миллион теңгеден асып жығылды.
Сот қаулысымен ер адам кінәлі деп танылып, 20 сағатқа қоғамдық жұмысқа жегілді. Шешім заңды күшіне енді. Еске салсақ, сот талабы 2014 жылдың сәуірінде шығарылған болатын.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.